Колледждің тарихы

01.12.1968

Павлодар Кәсіптік техникалық училицесі құрылды.

06.09.1984

Павлодар қаласының КТБ Облыстық баскармасының 06.09.1984 ж. №192 бұйрыгымен № 114 МКТУ № 8 орта КТУ болып қайта қурылды.

21.05.1992

Павлодар облыстық әкімшілігі басшысының 1992 жылдың 21 мамырдағы № 104 шешімімен Павлодар қаласының № 8 ОКТУ Қазақ-Герман техникалық бизнес-колледжі болып қайта қурылды.

24.01.1996

Павлодар облысы әкімінің Білім департаментінің 24.01.1996 ж. № 13 бүйрығымен Қазақ-Герман техникалық бизнес-колледжі Павлодар бизнес-колледжі Мекемесі болып қайта аталды.

19.01.1999

Павлодар облысы әкімінің 19.01.1999 ж. № 15 шешімімен Павлодар бизнес-колледжі Мекемесі Павлодар қаласының білім бөлімінің «Бизнес-колледжі» Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны болып қайта құрылды.

22.06.2000

Павлодар облысының Білім департаментінің 22.06.2000 ж. № 2-02/204 бұйрығымен Павлодар қаласының білім бөлімінің «Бизнес-колледжі»
Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Павлодар облысы Білім департаментінің «Бизнес-колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны болып қайта аталды.

26.05.2004

Павлодар облысы Әкімдігінің 26.05.2004 ж. № 158/5 Қаулысымен Павлодар облысы Білім департаментінің «Бизнес-колледжі» мемлекеттік
қазыналық коммуналдық кәсіпорны Павлодар облысы Әкімдігінің Павлодар облысы Білім департаментінің «Павлодар бизнес-колледжі»
қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.

01.12.2008

Павлодар облысы Әкімдігінің 01.12.2008 ж. № 275/10 Қаулысымен Павлодар облысы Білім департаментінің «Бизнес-колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Павлодар облысы Әкімдігінің Павлодар облысы Білім беру басқармасының «Павлодар бизнес-колледжі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.

19.06.2012

Павлодар облысы Әкімдігінің 19.06.2012 ж. N° 179/6 "№ 8 Касіптік лицей" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы Білім беру басқармасының "Павлодар бизнес-колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныны бірігу жолымен қайта құрылды.

23.05.2019

Постановлением Акимата Павлодарской области №163/2 от 23.05.2019 года Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Павлодарский бизнес-колледж» Управления образования Павлодарской области переименован в Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Колледж информационных технологий» управления образования Павлодарской области, акимата Павлодарской области

1968 жылғы 1 желтоқсанда №114 Павлодар кәсіптік-техникалық училищесі құрылды, онда отандық машина жасау саласының көшбасшысы – Павлодар трактор зауытына жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырылды.

 

70-жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев училищенің құрметті қонағы болғандығы жаңа оқу орнының маңыздылығын дәлелдейді. Ол училищенің материалдық-техникалық базасымен танысты, роботтар мен манипуляторлар шеберханасында болып, инженерлік-педагогикалық ұжымның жұмысын жоғары бағалаған еді.

 

Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің біздің училищеге келгені, училище ұжымы және студенттермен өткен кездесуі есте қалатын сәттердің бірі болды.

 

Біздің оқу орнымызда робототехникамен 40 жылдай айналысып келеді. 1984 жылғы қыркүйектен бастап училище №8 орта кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды. Сол кезде  училище жанында алғашқы робототехника зертханасы құрылды, ол халықаралық байқауда Ленинградтан кейін екінші орынға ие болды. Өңірімізде бірінші болып роботтарды баптаушыларды дайындай бастадық.

 

Тарихымыздағы келесі маңызды кезең – 1992 жылғы мамырда №8 кәсіптік-техникалық училище Қазақ-Герман техникалық бизнес-колледжі болып қайта құрылды. Сол уақыттан бері оқу орны республикалық эксперименттік алаңы жағдайында, ал 1995 жылдан бастап Қазақстан мен Германияның «Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беруге ықпал ету» үкіметаралық бірлескен жобасы шеңберінде жұмыс істеп келеді.

 

1997 жылдан бастап колледж неміс жастары арасынан менеджерлерді даярлау бойынша бірлескен жобаны іске асыру, ал 2000 жылдан бастап компьютерлендіру саласындағы қолданбалы үдерістерді білетін басқарудың ақпараттық технологиялар менеджерлерін даярлау жобасын жүзеге асырумен айналысады. Осы жобалар шеңберінде «Банк ісі» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша Германияның дуальды жүйе қағидаты бойынша кәсіпорындармен бірлесіп оқытудың жаңа түрлері сынақтан өткізілді. Сол кезеңнің өзінде-ақ біздің ұжымның негізгі идеясы тәжірибеге бағытталған оқыту үдерісінің жүйесін құру болды.

 

Сол кездегі елеулі оқиғалардың бірі – колледжде Қазақстан Республикасының тұңғыш президентімен кездесу өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мұндай оқу орны студенттерге еңбек шеберлігінің шыңына жетуге, ал одан да жоғарғыны қалайтындарға, ғылымның биігін игеруге жол ашады деген пікірін білдірді.

 

2000 жылы оқу-ғылыми-өндірістік кешен – «Галина Малахованың инновациялық орталығы» құрылды, оның құрамына үш құрылым: № 8 КМ, бизнес-колледж және жеке меншік Басқару және бизнестің ақпараттық технологиялары институты енді. Колледж инновациялық режимде жұмыс істеді, сол үшін 2002 жылы Білім министрлігінің «Инновациялар үшін» грамотасымен марапатталды.

 

Біздің ұжым әрдайым көшбасшылар қатарында болды. 1999-2009 жылдар аралығында Денсаулық сақтау, Білім және спорт министрлігі білікті жұмысшыларды (жұмысшылар мен қызметшілерді) оқытудың тиімді әдістерін апробациялау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу және оқытудың жаңа технологияларын енгізу үшін колледжді ресми түрде Ыбырай Алтынсарин атындағы эксперименттік алаң деп анықтаған болатын.

 

2010 жылы Павлодар бизнес-колледжі Қазақстан-Норвегия жобасын жүзеге асыру бойынша эксперимент шеңберінде жұмыс істеді.

 

Бүгінгі таңда біздің колледж елімізге Ақпараттық технологиялар колледжі ретінде танылады. Бұл атау колледжге 2019 жылғы мамырда берілді, сол уақыттан бастап колледж дамуының жаңа бір кезеңі басталды деп сеніммен айтуға болады.

 

Білім беру мекемесінің іргесі қаланған 55 жыл ішінде оның басшылары төмендегідей болды:

1.Тетюхин Василий Герасимович, 1969-1971 жж.,

2.Реутов Анатолий Владимирович, 1971-1974 жж.,

3.Сальников Николай Георгиевич, 1974-1975 жж.,

4.Муромцев Валерий Павлович, 1975-1976 жж.,

5.Кабурнеев Валерий Иванович, 1976-1978 жж.,

6.Селиванов Виталий Васильевич, 1978-1979 жж.,

7.Малахова Галина Ивановна, 1979-2011 жж.,

8.Капенов Ермек Уахапович, 2011-11.06.2020ж.

9.Джартыбаев Серик Тлеуханович, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.

 

Ақпараттық технологиялар колледжі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 мың жоғары білікті IT маманын даярлау жөніндегі тапсырмасын орындау жұмыстарына кірісті. Облыс басшылығының қолдауымен және «Жас Маман» бағдарламасы шеңберінде колледжді Open-space форматындағы жаңа, инновациялық білім беру хабына айналдыру бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылды.

 

Колледжде заманауи білім беру үдерісінің барлық талаптарына жауап беретін саладағы жалғыз IT-HUB Teplitsa құрылды. Студенттер заманауи білім алады, IT нарығындағы соңғы жаңалықтармен танысады, бизнес серіктестер табады.

Қазіргі кезде IT-HUB дегеніміз - бұл:

- республика бойынша теңдесі жоқ техникалармен жабдықталған 10 заманауи зертхана,

- WORLD SKILLS және JuniorSkills чемпионаттарына дайындау алаңдары;

- хакатон, митаптар өткізуге арналған орын;

- АлмаСтрит инклюзивті ашық кеңістігі бар жастарды тарту орталығы;

- кәсіпкерлік негіздері оқытылатын және стартап жобалары жүзеге асырылатын бизнес-инкубатор, бизнес пен IT-секторының білікті өкілдері шеберлік сабақтарын өткізеді.

 

Колледждің жаңартылған базасы әрбір студенттің әлеуетін ашуға, колледж түлектерінің табысын арттыру және мансаптық өсуінің траекториясын құруға мүмкіндік береді.

 

Біздің студенттер облыстық және республикалық деңгейдегі WorldSkills чемпионаттарының жеңімпаздары атанды. Еліміздегі жалғыз Ақпараттық технологиялар колледжі Австриядағы EuroSkills, Оңтүстік Кореядағы WorldSkills халықаралық чемпионаттарына Қазақстан атынан қатысып, жүлделі орын алған қатысушыларды дайындады.

 

IT HUB/Teplitsa құру шеңберінде колледж ғимараттары кедергісіз орта қағидаттарын сақтай отырып қайта жаңғыртылды. 2021 жылы ЮНИСЕФ біздің оқу орнымызды республикадағы ең кедергісіз колледж деп таныды.

 

2021 жылдан бастап колледжде оқытушылар мен студенттердің жобаларын коммерцияландыру үдерісі басталды. IT HUB/JYLYJAI базасында мектеп оқушыларына арналған робототехника, графикалық дизайн, 3D прототиптеу курстары, ал ересек павлодарлықтарға арналған компьютерлік сауаттылық курстары ұйымдастырылды.

 

Коммерцияландыру шеңберінде колледж мамандары өнеркәсіптік кәсіпорындардың тапсырысы бойынша өнімдердің прототиптерін әзірлейді және басып шығарады, түрлі материалдарға өрнектеу тапсырыстарын орындайды, металдан бірегей дизайнерлік бұйымдар әзірлейді.

 

Бүгінгі таңда біздің колледж жұмысындағы маңызды блок IT саласының көшбасшыларымен серіктестік болып табылады. Халықаралық ынтымақтастық аясында    IT ParkUzbekistan технологиялық паркімен және Astrum IT Academy-мен келісімдер жасалды.

 

Колледж Microsoft және Festo халықаралық компанияларымен, IT-HUB академиясымен, Сколково ғылым және технология институтымен өзара қызмет етеді.

 

Жақын арадағы жоспарға Оңтүстік Корея университеттерімен меморандумға қол қою кіреді.

 

Осындай жобаларда жұмыс істеу барысында студенттерде тілдік кедергі болмас үшін біздің оқу орнында ағылшын тілі тереңдетілген бағдарлама бойынша оқытылады.

 

Ақпараттық технологиялар колледжі жанында Павлодар облысының ІТ қауымдастығы құрылды. Біз IT-хабқа әлеуметтік серіктестерді шақырдық және олармен дуальды оқытуды белсенді түрде жүзеге асырып отырмыз. Мысалы, біздің ғимаратта VR тренажер - виртуалды шындық тренажер шығаратын ТКР-групп фирмасы жұмыс істейді. Біздің студенттер мұнда өндірістік тәжірибеден өтіп, кейін жұмысқа орналасады. Олар тек біліктіліктерін шыңдамайды,  сонымен қатар 1 миллион теңгеге дейін жалақы алады.

 

Біздің колледжде бірнеше рет Білім және ғылым министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Павлодар облысы басшылығының қатысуымен кездесулер мен конференциялар өтті.

 

2023 жылғы тамызда Аймақтық IT хабқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Президент колледждің жетістіктерін жоғары бағалап, еліміздің болашағы көп жағдайда жоғары технологиялардың даму деңгейіне байланысты екенін атап өтті.

 

Павлодар облысының үздік колледжіне оқуға түсуге талпынған жастардың саны артып келеді: биылғы оқу жылында бізде 1270 студент бар, бұл 2020 жылмен салыстырғанда үш есе артық.

 

2023 жылғы маусымнан бастап Ақпараттық технологиялар колледжінде студенттерді демонстрациялық емтихан түрінде қорытынды аттестациядан өткізу басталды. Емтиханда нақты өндірістік жағдайдың үлгісі берілді, ал бітірушінің міндеті тәжірибеде өз дағдыларын көрсету болды.

 

Студенттер дипломнан басқа заманауи кәсіпорындар мойындаған «құзыреттілік паспорты» (SkillsPassport) біліктілік құжатын алды.

 

Кейбір компаниялар демонстрациялық емтихан кезеңінде үздік түлектерді өздеріне жұмысқа шақыру үшін іріктеу мүмкіндігіне ие болды.

 

Біздің оқу орнымыздың жаңа бөлімшесі болып табылатын Кәсіби құзыреттер мен мансап орталығының негізгі профилі - колледж студенттері мен түлектерінің жұмысқа орналасуына және мансаптық өсуіне жәрдемдесу. Жақын арада біздің жастарымыз Орталық жанында қосымша біліктілікке, оның ішінде бейресми білім алуға қол жеткізе алады.

 

Колледждің IT-технологиялар бойынша жинаған тәжірибесі, материалдық базасы және кадрлық ресурстары Орталыққа халықаралық стандарттар бойынша салалық бағалау процедурасын бастауға мүмкіндік береді. Мұндай сертификаттаудың басты артықшылығы алдағы уақытты бізде оқығандар мен қайта даярлаудан өтетіндерге халықаралық сертификат беру болмақ.