20.02.2024 10:23
АӘД үздік оқытушысы

Ақпараттық технологиялар колледжінің педагогі еліміздің үздік АӘД оқытушысы атанды.

Алматыда Қазақстанның барлық аймақтарынан келген алғашқы әскери және-технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен республикалық турнир өтті. Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, тұңғыш Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының туғанына 100 жыл толуына арналған турнирді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен республикалық «Спорт жұлдыздары» журналы ұйымдастырды.

Турнир қорытындысы бойынша Нұрпейіс Нұрлан Талдыбекұлы жақсы нәтижелер көрсетті. Әріптестері арасында үздік атанып, бірінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Барлық жаңалықтарды көрсету
АӘД үздік оқытушысы