03.02.2024 11:04
Бірыңғай дауыс беру күні

2005 жылдың 14-17 қыркүйегінде Будапештте өткен Сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясы аясында құрылған Дүниежүзілік сайлау күні 2024 жылдың 1 ақпанында атап өтіледі.

25 мемлекет құрамына кіретін, соның ішінде Қазақстан да мүшесі болып табылатын, Еуропа елдерін сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен бұл күн жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі.

Осыған байланысты, 2024 жылдың 2 ақпанында Ақпараттық технологиялар колледжінде барлық курс студенттері үшін "Бірыңғай сайлау күні"сынып сағаты ұйымдастырылып өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты білім алушылардың назарын және қызығушылығын сайлау үдерісі және сайлау заңнамасына тарту. Студенттерге "Бірыңғай дауыс беру күні" нені білдіретінін, білім алушылардың сайлауға қатысудың маңыздылығын түсіндірілді.

Сынып сағатында топ кураторлары студенттерге "Бірыңғай сайлау күнінің" пайда болу тарихы, дауыс беруді өткізудің жалпы ережелері туралы айтып берді, сондай-ақ азаматтардың сайлауға қатысуда жауапкершілік таныту керектігіне назар аударды және депутаттың қандай қасиеттерге ие болуы керектігін анықтады.

Барлық жаңалықтарды көрсету
Бірыңғай дауыс беру күні