11.01.2024 12:26
Менің үйімдегі кітап

Колледж кітапханасы студенттер мен олардың ата-аналарын «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Менің үйімдегі кітап» байқауына қатысуға шақырады.
Байқау 2024 жылдың 12-19 қаңтар аралығында өтеді.
Байқаудың шарттары -үй кітапханасы туралы бейнеролик ұсыну, бір кітапқа шолу жасап (үзінді оқып), видео жіберу (2-3 минуттан артық емес).
Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:
- Бейнероликтің байқау тақырыбына сәйкестігі.
- Ерекшелігі.
- Дыбыстық сүйемелдеудің, бейне эффектілердің болуы.
Дайын материалдар WhatsApp +77778688539 қабылданады.

Барлық жаңалықтарды көрсету
Менің үйімдегі кітап