23.10.2023 15:38
Тәуелсіздік ұланы

Ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Киулин Кириллді құттықтаймыз, ол "кәсіби шеберлік" номинациясы бойынша "Тәуелсіздік ұланы"сыйлығының иегері атанды.

Бүгін бұл сыйлықты Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов жүз жас павлодарлықтарға табыс етті.

Республика күнін мерекелеу қарсаңында "Қоғамдық Келісім" Достық үйінде "Тәуелсіздік ұланы"сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Соңғы үш жылда облыстық, республикалық және Халықаралық зияткерлік конкурстардың, олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық жарыстардың, өңіраралық, облыстық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері төсбелгі мен ақшалай көтермелеудің иегерлері атанды.

Барлық жаңалықтарды көрсету
Тәуелсіздік ұланы