28.12.2023 10:31
WorldSkills Kazakhstan-2023 «алтынына» жарты миллион!

Ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Даниил Барт 500 мың теңге алды. Ол WorldSkills Kazakhstan-2023 чемпионатында «веб әзірлеу» құзыреттілігі бойынша алтын медаль жеңіп алды және енді Францияда өтетін Еуропа чемпионатында еліміздің намысын қорғайды. Дәл осындай сома оның тәлімгері, колледж оқытушысы Талгат Темиржанович Жалпаковқа берілді.

Satbayev IT-CAMP фестивалінің жабылу салтанатында оларға сертификаттар табыс етілді.

Сонымен қатар 50-ден 150 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтарды WorldSkills Kazakhstan-2023 медальондарының иегерлері Кирилл Киулин мен Данила Чалый, сондай-ақ соңғы екі жылда чемпионатқа қатысушыларды дайындауға атсалысқан ұстаздар: Станислав Александрович Крыжановский, Борис Вячеславович Григорьев, Светлана Александровна Олейник, Тетерина Светлана Владимировна және Мирбеков Бауыржан Сайдуалиұлы алды.

Сондай-ақ шарада қосымша қажеттіліктері бар студенттер арасындағы «Ерекше таланттар» байқауының жеңімпаздары, жүлдегерлері және қатысушыларына ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Колледж мерейтойлық жылды «Satbayev IT-CAMP» фестивалімен қорытындылады. Жабылу салтанатында көптеген жылы лебіздер айтылды, әрине, оқуда, еңбекте лайықты нәтиже көрсетіп, Ертіс өңіріндегі білім ошағы мен ТжКБ саласының дамуына зор үлес қосқан жандардың есімдері аталды.

Колледж қызметкерлері мен ардагерлеріне Павлодар облысы мәслихатының және облыс басшылығының алғыс хаттарын мәслихат төрағасы Илья Теренченко табыс етті. Құттықтауды білім беру басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Карлыгаш Асаимова айтып, департаменттің алғыс хаттарын, сонымен қатар колледждің оқу кабинеттерін жабдықтауға арналған 7 сенсорлық панельді табыс етті. Бірқатар қызметкерлерді Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшысы Динара Айтжанова атап өтті.

Барлық жаңалықтарды көрсету
WorldSkills Kazakhstan-2023 «алтынына» жарты миллион!