30.11.2023 11:48
WorldSkills Kazakhstan-2023

Бүгін Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Самал Оспанқызы Айтқазина «WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады.

Кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы бойынша өңірлердің жалпы рейтингінде Павлодар облысының құрамасы 5-ші орын алды. Біздің өңірдің қанжығасында- 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль және 10 медальон бар.

Естеріңізге сала кетейік, бір «алтынды» біздің студент Даниил Барт «Web-әзірлеу» құзыреттілігінде жеңіп алды, сарапшы – Жалпаков Талгат Темиржанович.

Ақпараттық технологиялар колледжінің өкілдері он медальоннан екі «Үздік Маман» медалін алды:
Кирилл Киулин - «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыретінде, сарапшы - Крыжановский Станислав Александрович,
Данила Чалый - «Бизнеске арналған IT-шешімдер» құзыретінде, сарапшы - Олейник Светлана Александровна.

Барлық жаңалықтарды көрсету
WorldSkills Kazakhstan-2023