19.02.2024 10:20
Жас кәсіпкер мектебі

«Жас кәсіпкер мектебі» курсы аясында 15 ақпан күні жас кәсіпкерлер Шефер Руслан және Қайролла Нұрбекпен кездесу өтті.
Кездесудің тақырыбы: «Бизнесті нөлден қалай бастау керек?»
Нұрбек кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, табысқа жету құпияларымен бөлісті және жастардың сұрақтарына жауап берді.
Қайролла Нұрбек:
- «Дәмді» (Қазақтың ұлттық тәттілері) брендінің негізін қалаушы;
- «Барс-KZ» жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерін жеткізудің басшысы;
- ⁠ «Sweetness» кондитерлік өнімдердің негізін қалаушылардың бірі.
Шефер Руслан өзінің өмір жолын, бизнес жүргізудің қыр-сырын, іскер тұлғаны шыңдайтын табыстар мен сәтсіздіктерін баяндады. Сұрақтарға жауап бере отырып, жас кәсіпкер еңбексүйгіштік пен үнемі білім алып, жетілуге ​​ұмтылу - табысты кәсіпкердің басты қасиеті деп санайтынын атап өтті.
Шефер Руслан колледжіміздің 2009 жылғы түлегі. Қазіргі кезде Астана қаласындағы құрылыс және жылжымайтын мүлікті сату саласындағы SHEFER GROUP құрылыс компаниясының басшысы.
Кездесуде «Бизнесті қалай бастау керек, бастапқы капиталды қайдан алуға болады, жарнаманың қандай құралдары ең тиімді?» деген сияқты көптеген сұрақтар қойылды.

Барлық жаңалықтарды көрсету
Жас кәсіпкер мектебі