Графикалық дизайнер зертханасы

Зертхана студентке графикалық дизайн саласындағы қажетті дағдылар мен білімдердің толық кешенін беруге арналған. Графикалық дизайн – қазіргі әлемнің ажырамас бөлігі, визуалды тілді құрудың кең ауқымды қызмет саласы. Графикалық дизайн түрлі тасымалдағыштарды қолдана алады: сандық немесе басып шығарылған болуы мүмкін,  фотосуреттерді, иллюстрацияларды немесе графиканың басқа түрлерін қамтуы мүмкін. Дизайн бір минут ішінде назар аударта алады, кейде көз алдыңызда жылт етуі мүмкін. Айналаға қарасаңыз, көптеген мысалдарды көре аласыз: тауарлардың жапсырмалары, орауыштар, кітап мұқабалары, теледидар кіріспелері, журналдар мен билбордтар - бұлардың барлығын графикалық дизайнер жасайды. Графикалық дизайнер жұмыс істейтін жобаның ауқымы пошта маркасын әзірлеу сияқты өте шағын  немесе бір мемлекет үшін навигациялық дизайн жасау сияқты жаһандық болуы мүмкін. Инновациялық оқыту жүйесінің арқасында колледж студенттері нарықта сұранысқа ие графикалық дизайнның барлық жанрларын оқиды.

image
image
image