04130100 - Менеджмент (қолдану салалары бойынша)

«Менеджмент» мамандығы бойынша колледж өндірістік және іскери үдерістерді сауатты ұйымдастыруға, коммерциялық ұйымдар, ұлттық компаниялар және мемлекеттік органдардың ішкі және халықаралық кеңістікте орналасу стратегиясын құруға қабілетті, әр түрлі қызмет салаларын басқару саласындағы мамандарды дайындайды. Мамандық саласы әр түрлі болуы мүмкін: коммерция, медицина, қаржы, IT саласы. Бұл мамандық бойынша оқитын студенттер қызметкерлерді басқару, маркетинг, қаржылық менеджмент, кәсіпорын экономикасы, SMM менеджменті және т.б. пәндерді оқиды.